«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімімен және кодекстің 24-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ретінде 1991 жылы туған ер адам ұсталды. Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде күдіктіге бұлтартпау шарасы қабылданады»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні психолог Светлана Божко соққыға жығылып, екі рет операция жасалған болатын.