Офицер Стефан Шмитт теміржол платформасында адамдар арасында келе жатқан екі велосипедшіні байқаған. Полиция бірінші күзетшіні тоқтатқан, ол: «өз клиентінен қалып қоймау үшін екі дөңгелекті көлік керек» деп түсіндірген.
Оның клиенті танымал актер, спортшы, АҚШ-тың Калифорния штатының бұрынғы губернаторы 69 жастағы Арнольд Шварценеггер болып шыққан. Актер ұзақ жерге жаяу бара алмайтындығын айтып ақталған.