Министрдің айтуынша, бейсенбі кешінде үш адамнан құрылған полиция жасағы Страсбург көшелерінің бірінен іздеуде болған қылмыскерге ұқсас ер адамды байқаған.
Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болған, бірақ Шериф Шекат оларға қарай оқ жаудыра бастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған оқ атып, қылмыскерді өлтірді.
Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 13 адам жарақаттанды. Ел билігі бұл қылмысты лаңкестік актісі деп таныды.