«Тұрғындардың үрейін туғызған зат Жансүгіров көшесінің бойындағы автобус аялдамаларының маңынан табылған.
«Арлан» облыстық арнайы бөлімшесінің саперлары күдікті зат табылған орыннан металл термосты тапты. 4 литр сұйықтық сиятын ыдысты рентген арқылы жарықтандырып көруге мүмкін болмады. Полиция оны жою туралы шешім қабылдады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған байланысты зат табылған орын аумағы 500 метрге қоршалып, автокөліктер қозғалысы шектелді. Күдік тудырған зат төмен зарядты жарылыс арқылы жойылды.
«Тұрғындардың күдігі бекер болып шықты», - делінген баспасөз баянында.
17:53, 10 Сәуір 2017
Полиция Талдықорған тұрғындарын үрейлендірген күдікті заттың көзін жойды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері Талдықорған қаласында тұрғындардың үрейін алған күдікті заттың көзін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.