Полиция тағы үш қылмыскерді іздестіріп жатыр.
Бұл оқиға сенбі күні болған. Оқ атқыш қарумен қорқытқан жеті қылмыскер бақылаушыларды кепілдікте ұстап, артынша іздерін суытқан. Қашқындардың бәрі - аса қауіпті қылмыскерлер. Олардың төртеуі өмір бойы түрмеде отыру жазасын өтеп жатқандар. Ал үшеуі 12-ден 25 жылға кесілгендер.
Елдің ІІМ хабарлағандай, түрме директоры жұмыстан босатылды, 21 бақылаушы ұсталды.