Полиция Уитни Хьюстонның өлімін бұдан әрі тергемейтін болды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Американдық полиция мега-жұлдыз Уитни Хьюстонның өлімін тергеуді аяқтады.

Бұл туралы Perfect Lady журналы хабарлады.

Тергеушілер үшін бұл оқиғада беймәлім қалған қалтарыс тұстар қалмаған секілді. Әншінің өлімінде қылмыс құрамы табылмады. Сірә, Хьюстон өліміне өзі кінәлі болу керек, оны бұған кокаинды шектен тыс пайдалану алып келген.

Себебі, бұған дейін хабарланғандай, сот-медициналық сарапшылар жұлдыздың ағзасынан есірткінің ізін тапқан болатын.

Еске салайық, У.Хьюстон Лос-Анжелестегі қонақ үйде өзінің нөмірінде көз жұмды. Ол 48 жаста болатын. Хьюстон есінен танып, ваннадағы суға тұншығып өлді.