деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстардың деңгейін төмендетуді көздейтін акция үш кезең бойынша өтетін болады. Даярлық кезеңінде мектеп оқушыларына оқылатын дәрістердің тақырыптары бекітілсе, ұйымдастырушылық кезеңінде мектеп пен колледж оқушыларымен сан алуан кездесулер өткізу жоспарланған. Ал қазанның 4-6 аралығында өтетін қорытынды кезеңінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша тиісті практикалық шаралар әзірленетін болады.