Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы қазанның 16-сында сағат 07.45-нің шамасында орын алған. Маркасы әзірге анықталмаған күңгірт түсті шетелдік көліктің жүргізушісі бағдаршамның жасыл көзі жанып тұрған кезде жолдан өтіп бара жатқан 14 жастағы жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған.
«Жасөспірім миы шайқалған, оң жамбасынан қатты соққы алған және бас сүйегінің жабық жарақаты тіркелген. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында, куәгерлерден 53-22-53, 53-27-76, 53-22-63, 8 775 3821717, 8701 5508883 телефондары арқылы Астана қаласының жол полициясы басқармасына хабарласуды сұраймыз», делінген ведомствоның хабарламасында.