Полицияға Вабадузе алаңына қарай қолында пышағы бар жалаңаяқ ер адамның келе жатқанын хабарлаған. Құқық қорғаушылар оған суық қаруды тастауын талап еткен, алайда ер адам олардың сөзін құлаққа ілмеген. Олар ескерту ретінде үш рет аспанға оқ атқан.
«Бұдан кейін ер адам полицейлерге қарай жүгіргеннен кейін, олар ер адамды атып тастаған», - деп хабарлады полиция.
Ауыр жарақатымен Солтүстік Эстония өңірлік ауруханасына жеткізілген ер адам қайтыс болған. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді.
21:26, 31 Қазан 2017
Полиция жол бойындағы адамдарға пышақ ала жүгірген ер адамды атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таллин орталығында жалаңаяқ ер адам қолына пышақ алып жүрген. Эстония полициясы Таллин орталық алаңында жолда кетіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып жүрген ер адамды атып тастады. Бұл туралы ERR.ee басылымы хабарлады.