Полиция жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуды екертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн райының қолайсыздығына байланысты полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Назар аударыңыз! Жол қозғалысының барлық қатысушыларына күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, қажетті қашықтықты сақтауға шақырады және талап етеді. Құрметті жаяу жүргіншілер! Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, белгіленген орындарда жол бөлігін бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне өтіңіздер», - делінген хабарламад.

«Өткен тәулікте елордада 65 жол-көлік оқиғасы тіркелді»,-деп хабарлайды елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері жүргізушілерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

«Жаңбыр кезінде, қолайсыз күн райында жаяу жүргіншілер келе жатқан көліктерді көрмейді, сондықтан абай болу керек»,-делінген хабарламада.