2015 жылдан бері жазасын өтеуден қашып жүрген 32 жастағы азаматты Алматы облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел тобы қолға түсірді. 2015 жылы ер азамат есірткімен ұсталған.
Облыстық сот шешімімен қылмыскер 4 жылға бас бостандығынан айрылған. Алайда сол кездегі тергеу барысында ешқайда шықпау туралы қолхат беріп және осы жағдайды пайдаланып, қашып кеткен болатын.
Іле шала тергеушілер ресми түрде оны республикалық деңгейдегі іздеуге жариялады. Полиция қызметкерлеріндегі мәлімет бойынша ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Қазіргі таңда ер азамат сот үкімін күтіп, қамауда отыр.