Полицияға пара бермек болғанТүркия бизнесмені қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық киімдерді заңсыз тігумен айналысқан түркиялық кәсіпкер Ресейдің Калуга облысында полиция қызметкеріне пара бермекші болған кезінде ұсталды.

Бизнесмен полицейге жасырын цехты анықтау бойынша тексеру жүргізбеуі үшін 5 мың доллар сыйақы бермек болған.

Өңір бойынша ІІМ баспасөз қызметі хабарлауынша, жасырын цех Малоярославец қаласында орналасқан. Полиция қызметкері ақша алудан бас тартып, оның пара бермекші болғанын басшылыққа жеткізген. Полицейдің ақшадан бас тартқанына қарамастан, кәсіпкер жауапкершіліктен жалтару үшін тағы да пара беруге әрекет жасаған.

"Түркия азаматы ақша ұсынып жатқан кезде, қылмыс үстінде қолға түсті. Аталмыш факті бойынша іс қозғалды", - деп хабарланды баспасөз қызметінен.