Полицияға тапсырылған қару мен оқ-дәрілер үшін Қарағанды облысының тұрғындарына 66 млн.-нан астам теңге төленеді

None
ҚАРАҒАНДЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындары екі ай ішінде полицияға 1100-ден астам оқ қаруын тапсырды, жалпы сомасы 66 млн. теңгеден астам төлем белгіленді.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қарулар мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру бойынша 1 сәуірде басталған акция 31 мамырда мәресіне жетті. Облыстың тұрғындары акция барысында аумақтық ІІБ-нің құрылымына 1138 дана оқ қауын тапсырды, оның 362-сі атуға жарамды болып шықты. Сондай-ақ 11 213 оқ-дәрі, 19 жарылғыш құрылғы, 16 келіден астам жарылғыш зат тапсырылды», - деп хабарланды полициядан.

Ведомствоның берген ақпараты бойынша, тапсырылған қару мен оқ-дәрілер 66 млн. теңгеден астам қаражатқа бағаланды, олардың 5 млн. теңгеден астам сомасы төленді.