Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жол-патрульдік полицияның қызметкерлеріне арналған жаңа киім формасы әлі бекітілмегенін хабарлады. Түнде жарқырап тұратын бұл форма қазір Ішкі істер министрлігінің қарауына жіберіліпті.
Ал Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратты кейінірек таратамыз деп отыр.
Әлеуметтік желі болса, полицияның жаңа формасын талқылап кетті. Біреулер бұл форманы «Темір адамның» киіміне теңестірсе, екіншілері полицияға «ала таяқтарын» қайтарып беру керек деген пікір қалдырып отыр.