Полиомиелитті жою үшін сәуір айынан 150 мемлекет инактивті вакциналауға (ИПВ) көшеді. Бұл туралы ДДСҰ хабарлады.
ИПВ зарарсыздандырылған вирус негізінде әзірленеді және тері астына немесе бұлшық еті ішіне егіледі. Иммунитетті қалыптастыру үшін екі екпе жеткілікті.
ТМД елдерінде күні бүгінге дейін ауызбен қабылдайтын тірі вакцинаны қолданады. Ол сенімділігі төмен тәсіл әрі көп мәрте қолдануды талап етеді.