2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Politico, CNN және MS NOW журналистеріне Ақ үйге кіруге рұқсат берілді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың сынынан кейін аккредитациядан айырылған CNN, Politico және MS Now журналистеріне Ақ үйге кіруге қайта рұқсат берілді.

Фото: Samuel Corum

Бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі CNN, MS NOW және Politico журналистерінің аккредитацияларын алып қойған. Президент бұл БАҚ-тарды «жалған ақпарат» таратты деп айыптады.

Кейінірек АҚШ федералды соты Трамп әкімшілігіне осы БАҚ журналистерінің Ақ үйге кіруін қалпына келтіруді бұйырды.

MS NOW мәліметі бойынша, сот шешіміне қарамастан, CNN, MS NOW және Politico өкілдері сәрсенбіде Ақ үйге кіруде тағы да қиындықтарға тап болған. Редакциялар сотқа шағым түсірген соң, сот 12:30–ға дейін өтінішті орындауды талап етті.

Сот мерзімі аяқталғанға дейін журналистердің Ақ үйге кіру құқығы толық қалпына келтірілді. Бастапқыда MS NOW тілшілері, артынша Politico және CNN журналистері де Ақ үйдегі жұмысын қайта бастаған.

Мерзім аяқталғанға дейін бір сағаттай уақыт қалғанда, аккредитациясын АҚШ Құпия қызметі тәркілеген журналистердің Ақ үй аумағына қайта кіруіне рұқсат етілді.

Еске сала кетейік, CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үй аумағына кіруге тыйым салынғаннан кейін Ақ үй Trump TV арнасын іске қосқан.