Полицейлер өмірін қатерге тігіп, тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысы Алатау қаласы патрульдік полиция қызметкерлері өрттен адамдарды құтқарып, батылдық пен жанқиярлық танытты.

Фото: видеодан скрин

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қызмет атқару кезінде патрульдік полицейлер Б.Үмбетәлиев пен Н.Бақберген Ынтымақ шағынауданының көшелерінің бірінде орналасқан тұрғын үйден шыққан өртті байқаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Олар өз өмірін қатерге тіге отырып, үй ішінде болған азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Денесінің күйік алғанына қарамастан, полицейлер өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті сөндіруге белсенді түрде атсалысты.

Полиция қызметкерлерінің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталып, ықтимал ауыр зардаптың алдын алу мүмкін болды.

Бұған дейін егіз полицейлердің өмірі туралы жазған болатынбыз.