Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсырды

Фото: Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті.

ҚР ІІМ мәліметінше, бұл бастама құқық қорғау органдарының тек қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетудегі маңызды рөлін айқындай түседі.

Айта кету керек, тәртіп сақшылары донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысады: жеке құрамның айтарлықтай бөлігі жыл сайын тегін қан тапсырып, көмекке мұқтаж адамдарды қолдап келеді.

Оқиға орнында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты соңғы деректерді жариялады.