Полиция балалардың демалыс орталықтарындағы қызметкерлерді тексереді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыруға қатысты түсінік берді.

Фото: Абай облысының полиция департаментіі

- Жаңа талаптар енгізілді. Енді, балалар лагерьлері қосымша білім беру объектілеріне жатқызылды. Олар терроризм қаупі тұрғысынан осал объектілер санатына енгізілді. Әкімдіктер оларды қысқа мерзімде өңірлік тізбесіне енгізу қажет, - деді Е. Сәденов.

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі лагерь қызметшілерін тексеру (соттылығы, іздеуде болуы, криминалдық есептер бойынша), полиция қызметкерлерін бекіту (аралау, тексеру және т.б.), балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқушылардың жазғы демалысы орталықтарына полиция инспекторлары бекітілді.