Полиция дроппер болудың салдары қандай болатынын түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Әсет Егеубаев дроппер болудың қаншалықты қауіпті екенін және заң бойынша қандай жауапкершілік қаралғанын айтып берді.
Дроппер — өз атына банк карталарын немесе онлайн-әмияндарын ашып, оларды бөгде адамдарға заңсыз операциялар жасау үшін беретін адам. Алаяқтар көбіне ұрланған қаржыны дәл осы карталар арқылы аударып, шешіп алады.
Көпшілігі мұны жай көмек деп қабылдауы мүмкін, бірақ шын мәнінде банк картаңызды басқаға беру — қылмыстық схемаға қатысу болып саналады.
Жауапкершілік қандай?
- Дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
- Іс-әрекет алаяқтыққа көмектесу, ақшаны заңдастыру немесе қылмыстық топқа қатысу ретінде саралануы мүмкін;
- Жаза — ірі айыппұлдан бастап бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейін.
Полиция банк картаңызды белгісіз адамдарға беру қауіпті әрі заң алдында жауапқа әкелетін әрекет екенін ескертеді.
Айта кетейік, 22 қазан күні дропперлікке қатысты 7 қылмыстық іс тіркелді.