Полиция формасындағы әрекет: Астанада екі қызметкер қызметтен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының ПД туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді.

Фото: Астана қаласы ПД

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін ҰҚК Ақтаудағы әкімшілік полиция басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді растағанын жазғанбыз.