Атырауда полиция қызметкері Роман Есмұханов қаладағы маркеттердің бірінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйел адамды байқап, бірден көмекке ұмтылған.
Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйелдің жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қызмет барысында азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету – полицейлердің кәсіби міндетіне деген жауапкершілігінің көрінісі.
Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, ТЖМ қызметкерлері Алакөлде алты адамды құтқарды.