- Әсіресе синтетикалық есірткі тәуелділікті ерте шақырады. Бір рет тұтынғаннан «тұтқын» болып жатқандар бар. Сондықтан балаларға алданып қалмаңыздар дейміз. Жылдың басынан бері кәмелетке толмаған 4 жасөспірім есірткі қылмысына барып отыр. Біз үшін бұл жай ғана статистика емес. 4 жасөспірім дегеннің өзі әр қылмыстың артында адам тағдыры тұр деген сөз. Сондықтан өз өмірлеріңізге, болашақтарыңызға жауаптырақ қараңыздар. Алданып қалмаңыздар, - деді ол.
Айта кету керек, бүгін елордада есірткіге қарсы айлық науқан басталды.
Бұған дейін Атырауда 37 жастағы тұрғын 1 келіден астам синтетикалық есірткімен ұсталған болатын.