Полиция журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады.

Фото: Kazinform

Ведомстводан хабарланғандай, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат «Ә»-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.