Польша Еуропалық кеңесті басқаруға дайындалып жатыр

Фото: Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстанның ЕО-ға төрағалығы аяқталып, 1 қаңтардан бастап Еуропалық кеңесті Польша басқарады, деп жазады Euronews.com.

ЕО Кеңесіне төрағалық 2024 жылдың 1 шілдесінде Мажарстанға өтті. Ол «Еуропаны қайтадан ұлы етеміз» ұранымен басталды.

Ротация принципі бойынша Еуропалық Одақтың әрбір мүшесі 6 ай бойы Еуропалық Кеңеске төрағалық етеді. Бұл артықшылық ЕО мүшесіне Одақтың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

2004 жылы одаққа мүше болған Мажарстан 2011 жылы ЕО-ға бірінші төрағалық етті. Бұл жолы да сол кездегідей эстафетаны Польшаға береді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Еуропалық кеңес «ДАИШ» пен «Әл-Каидаға» қарсы санкциялар мерзімін ұзартқанын жаздық.