Польша фермерлері наразылық шараларын жалғастыруда

АСТАНА. KAZINFORM — Фермерлердің наразылығы кезінде Польша премьер-министрі Дональд Туск Украинадағы соғыс әділетсіз бәсекелестікке сылтау бола алмайтынын мәлімдеді. Польша фермерлері ереуілге 10 наурызға дейін шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды Еuronews.

Фото: stopfake.kz

Поляк фермерлері отыз күндік ереуілдің үшінші күнін өткізді. Шерушілер Еуроодақтың ауыл шаруашылығы және Украинадан өнім импорттау саласындағы саясатына қарсы шығып отыр. Шаруалар бүкіл ел бойынша негізгі жолдарға кіруге кедергі келтіруде.

Жексенбі күні Польша премьер-министрі Дональд Туск Украинадағы соғыс әділетсіз бәсекелестікке сылтау бола алмайтынын айтты.
Шерушілер Туск үкіметінен сектор пайдалылығын қамтамасыз ететін жаңа ауыл шаруашылығы саясатын әзірлеуді талап етіп отыр. Шаруалар наразылық шарасын наурыз айының 10-ына дейін өткізбек.