Польша президенті премьер-министрге жаңа үкімет құруды тапсырды

Польша президенті премьер-министр Матеуш Моравецкийге жаңа үкімет құруды тапсырды, себебі басқарушы партия оны өздігінен істей алмайды. Kazinform бұл туралы Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: PAP/Radek Pietruszka

«Жан-жақты талдап, ақылдасқаннан кейін үкімет құру міндетін премьер Матеуш Моравецкийге тапсыру туралы шешім қабылдадым. Осы арқылы мен жеңіске жеткен партия бірінші болып үкімет құру мүмкіндігіне ие болатын парламент дәстүрін жалғастыруды шештім», - деді Дуда дүйсенбі күнгі телеүндеуінде.

Жақында өткен Парламент сайлауы қорытындысы бойынша оппозициялық партия депутаттық мандаттың көбін иеленгендіктен әрі оппозиция жақтастары бұл міндет Дональд Тускке тапсырылады деп ойлағанына қарамастан осындай шешім қабылданған. Оның нәтижесі «Құқық пен әділдік» басқарушы партиясына үкіметті өздігінен құруға мүмкіндік бермейді. Егер Моравецкий одақтастар таба алмаса, кабинет жасақтау құқығы «Азаматтық коалиция» көшбасшысы Дональд Тускке өтеді.