Польша Үкіметі Израиль премьеріне қамауға алу туралы ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Польша Үкіметі егер Нетаньяху 27 қаңтар күні Освенцим концлагері азат етілуінің 80 жылдығына келетін болса, тұтқындалатынын мәлім етті.

Фото: Wikipedia

Бұл туралы Jerusalem Post басылымы жазды.

Сол себепті білім министрі Йоав Киш салтанатты рәсімде Израиль атынан келетін жалғыз өкіл болады.

Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Владислав Бартошевский егер Израиль премьері Польшаға келетін болса, ол елдің Халықаралық қылмыстық сот алдындағы міндеттемелеріне сәйкес қамауға алынатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты қамауға алуға ордер бергенін жазған едік.