— HS-70 трамплинінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Керейхан Қабдулла үздік нәтиже көрсетіп, барлығы 251,5 ұпай жинап, 1-орынды иеленді. Сондай-ақ Александр Филоненко 249,6 ұпаймен 3-орыннан көрінді, — делінген комитет хабарламасында.
Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (242,3 ұпай) бұйырды.
Айта кетейік, аталған бәсекеге бұл сында әр мемлекеттен 40-қа жуық спортшы қатысты.
Бұдан бұрын Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Норвегиядағы әлем чемпионатында 4 рет үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.