Мемлекет басшысы жақында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің күрделі жағдай кезінде конструктивті ынтымақтастық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге оңтайлы шешімге қол жеткізуге үлес қосқаны үшін алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Польша президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке де аталған оқиғаға байланысты байыпты шешім қабылдағандары үшін алғыс білдіріп, оларға ресми хат жолдауды жоспарлап отыр.