Экс-премьер Дональд Тусктың ірі оппозициялық «Азаматтық коалициясы» 163 мандат, ал оның серіктестері 40-тан аса мандат иеленуі мүмкін. Бұл оларға үкімет құру мүмкіндігін береді.
Ярослав Качиньскийдің «Құқық пен әділет» басқарушы партиясы бірінші орында болғанымен, серіктесімен бірге көпшілік дауысқа ие болу мүмкіндігі жоқ.
Ярослав Качиньскийдің өзі партиясының үкімет құру мүмкіндігіне сенімді емес екенін айтты. Үкімет басшысы болғысы келетінін мәлім еткен Дональд Туск сайлау нәтижесіне «өте жақсы» деп баға берді.