Полторанин әлем кубогы есебінде сегізінші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полторанин әлем Кубогы есебінде сегізінші орынға көтерілді.

Кеше Валь-де-Фьеммеде «Тур де Ски» шаңғы көпкүндігі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Оған қатысқан жалғыз қазақстандық Алексей Полторанин бесінші қорытынды орынды (мансабындағы осы жарыстағы ең жоғары орын) иеленді.

«Тур де Ски - 2016» жарысында жеңіске жеткен норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю жалпы есепте отандасы Финн Хаген Крогтан 550 балға басым түсті, ал үшінші орын «Тур де Ски» жарысында «ағаш қасық» иегері (шаңғы жарысында төртінші орынның ресми емес атауы) - кіші Петтер Нортугке бұйырды.

Шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебі:

1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 1422

2. Финн Хаген Крог (Норвегия) - 872

3. Петер Нортуг (Норвегия) - 801

4. Сергей Устюгов (Ресей) - 650

5. Сюр Рёте (Норвегия) - 595

6. Никлас Дюрхауг (Норвегия) - 589

7. Дидрик Тёнсет (Норвегия) - 520

8. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 502

9. Франческо Де Фабиани (Италия) - 465

10. Морис Манифика (Франция) - 452.