Рейтингтегі бірінші орынды Натали Портман иеленді.
Оған соңғы үш жылда әр фильм үшін төленген әрбір доллар киностудияға 42,7 АҚШ доллары көлемінде пайда әкелді.
«Портманның фильмге түсуі - фантастикалық инвестиция. Ол басты рөлді сомдаған «Қара аққу» фильмі әлемдік прокаттан 329 млн. АҚШ долларын жинады, бұл ретте оны түсіруге жұмсалған ақша небәрі 13 миллионды құраған еді», - деп атап өтеді киношолушылар.
Рейтингтегі екінші орынды атышулы «Сумерки» вампирлік сагасының жұлдызы Кристен Стюарт алды. Ол фильмдердің құрушыларына гонорарының әрбір долларынан 40,6 доллар табысын береді.
Үшінші орында - нәтижесі 35,8 доллар болған Шайа Лабаф.