әлгі азаматтың денсаулығы ешнәрсеге сыр бермеген көрінеді, тіпті бірде-бір рет медициналық көмекті қажет етпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап.
Сақал-шашы өскен 54 жастағы әлгі азаматты полицейлер сәрсенбі күні арнайы операция барысында тұтқындады.
Кісі өлтіргені үшін осыдан 16 жыл бұрын сотталған және 10 жыл түрмеге жабылған әлгі азамат 1993 жылы қамаудан қашып кеткен. Сөйтіп Португалияның солтүстігіндегі Виейра-ду-Минью елді-мекенінде, өзінің туған өлкесінде жасырынып келген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әлгі ер азамат өзі бала кезден жақсы білетін екі-үш үңгірде тұрып келген.