Португалия парламенті 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды
АСТАНА. KAZINFORM – Социал-демократтар мен социалистер 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімін талап ететін еркін кіруін шектеуге бағытталған заң жобасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Euronews.
Бастама енді мамандандырылған талқылау үшін комитетке жіберіледі.
Заң жобасы 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге және басқа да платформаларға еркін қол жеткізуі үшін алдымен ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімін талап етіп, шектеу енгізіп отыр.
Қолданыстағы заңнама әлеуметтік желілер және басқа да платформаларға қол жеткізуге қатысты кәмелетке толмағандар үшін келісім берудің ең жоғары жасын 13 жас деп белгілеп отыр.
- Әлеуметтік желілер, бейнехостингтер және ашық коммуникация қызметтеріне өздігінен қол жеткізудің ең төменгі цифрлық жас 16 жас болып белгіленген, 13 жастағы және одан үлкен балалар оларға тек (...) ата-анасының нақты және расталған келісімімен ғана қол жеткізе алады, - делінген СДП ұсынысында.
13 жасқа толмаған балалар «осы заңның қолданысындағы платформалар, қызметтер, ойындар және қосымшаларға қол жеткізе алмайды».
Қолжетімділікке шектеулер Instagram, Facebook және TikTok сияқты әлеуметтік желілерге қолданылады, бірақ көптеген ата-аналар балаларымен байланысу үшін пайдаланылатын WhatsApp-қа қатысты қолданылмайды.
Заң жобасына сәйкес, компаниялар мен платформалар 13 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қолжетімді желілердің «зорлық-зомбылық, ерте сексуалдық мазмұн, тәуелділік тудыратын ойындар, манипуляциялық бейнелер мен суреттерге әсеріне ұшырауының алдын алу үшін белгілі бір функционалға ие болуын» кепілдендіруі тиіс.
СДП заң жобасына сәйкес, 13 жасқа толмаған балаларға жаңа тіркеулік жазба құру мүмкін емес, ал 13 жастан 16 жасқа дейінгілер үшін «цифрлық мобильді кілтпен байланысты механизм немесе кәмелетке толмағанды анықтауға және тек оның жасын көруге мүмкіндік беретін басқа механизм қажет».
- Бекітілген шаралардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, социал-демократ депутаттардың пікірінше, мұны Ұлттық байланыс басқармасы (Anacom) мен Деректерді қорғау жөніндегі ұлттық комиссия (CNPD) бақылауы тиіс, - деп жазды басылым.
Бұған дейін Испанияда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынбақ екенін жазған болатынбыз.