Португалияда ұзақ пікірталастан кейін эвтаназия заңдастырылды. Жұма күні парламент 18 жастан асқан азаматтарға айықпас дертке шалдыққан және төзгісіз азап шеккен жағдайда эвтаназияға жүгінуге рұқсат беретін заң жобасының соңғы нұсқасын мақұлдады.
Социалистер мен солшылдардың басым көпшілігі «қолдап» дауыс берді, ал социал-демократтар мен оңшылдар қарсы болды.
Ел президенті Марсело Ребело де Соузаның алдыңғы нұсқасына вето қойған заңның мәтіні сегіз күн ішінде қабылдануы керек.
20:52, 14 Мамыр 2023
Португалия парламенті эвтаназия туралы заңды мақұлдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия парламенті эвтаназия туралы заңды мақұлдады. Заң жобасының соңғы нұсқасы сегіз күнде қабылдануы тиіс. Ел қоғамы осы мәселені талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтемемен.