Егер заң өз күшіне енсе, Португалия ауруы жазылмайтын 18 жастан асқан пациенттерге медициналық көмекпен өмірден кетуіне рұқсат етілген әлемдегі жетінші, ал Еуропа бойынша төртінші ел болмақ.
Бұл процедура тек Португалия азаматтары мен резиденттеріне рұқсат етіледі.
Португалияның саяси оппозициясы, консервативті және католик ұйымдары аталған заң жобасына қарсы шығып отыр. Екі жыл бұрын бұл мәселенің парламентте талқылануы наразылық тудырып еді.