Португалияда Эйсебионың қазасына байланысты 3 күндік қаралы күн жарияланды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Аты әйгілі Португалияның футболшысы Эйсебионың жерлеу рәсімі бүгін Лиссабонда өтеді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Эйсебио 72 жасына қараған шағында жексенбі күні таңертең Лиссабонда жүрегі сыр беріп, көз жұмды.

Футболшыны ақтық сапарға шығарып салу «Бенфика» «Да Луж» стадионында өтеді. Сонымен бірге, Португалияда танымал спортшының өліміне байланысты үш күн бойы ұлттық қаралы күн жарияланды.