«19 адам қайтыс болғанын растаймыз. Үш адам түтінге тұншығып қаза тапты, 16 адам Фигейро-душ-Виньюш елді мекенінен Каштаньейра-ди-Пераға бара жатқан жолда көліктерінде өртеніп кеткен», - деген билік өкілінің сөзін келтірді агенттік. Сондай-ақ, зардап шеккен 4 адам ауыр халде жатыр.
Өрт сенбіде басталды. Апатпен 500-ге жуық өрт сөндіруші арпалысуда, олардың алтауы зардап шекті.