Португалияда парапланмен қорған қабырғасына соқтығысқан турист мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияның Абрантиш қаласында ортағасырлық қорған қабырғасына парапланмен соқтығысқан венгриялық саяхатшы көз жұмды.

Оқиға сәрсенбі күні орын алған, деп жазды РИА Новости.

XII ғ. тұрғызылған қамалда 48 жастағы турист парапланмен ұшқан және қорғанға соқтығысқан.

Турист қаза тапты, оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.