Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 08.00-де ашылып, сағат 19.00-де жабылған.
Португалияда дауыс беру құқығы бар 9,6 млн азамат тіркелген.
Сағат 16:00-де дауыс беруге қатысушылар саны 37,69 пайыз болды. Алғашқы алдын ала сайлау нәтижесі кешіктірілмей жария етіледі.
Сайлауға 10 үміткер қатысуда. Алдын ала сауалнама бойынша Марселу Ребелу ди Соза көшбастап тұр, оған ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беруі мүмкін.
Португалия президенті бес жылда бір рет жалпыхалықтық сайлауда сайланады, ол Еуропа елдерінің басшыларына қарағанда кең ауқымды құзыретке ие.
Егер жаңа мемлекет басшысы бірінші турда жеңіске жетсе, наурыз айының соңында қызметіне кіріседі. Егер бірінші турда үміткердің бірі 50 пайыздық межені аса алмаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер 14 ақпанда екінші турға қатысады.