Деректерге қарасақ, Ребело ди Созаға 57,45 пайыз дауыс берілген. Оның басты қарсыласы - Лиссабонс университетінің бұрынғы ректоры Антониу Сампайо да Новоа - 19,65% дауыс жинаған. Үшінші орында Социалистік партия жетекшісі болған Мария ди Белен. Оған 8,45 пайыз дауыс берілген.
07:04, 25 Қаңтар 2016
Португалияда президент сайлауында Ребело ди Соза жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда президент сайлауында хаттамалардың 50 пайызы саналып біткенде Социал-демократиялық партия кандидаты Марсело Ребело ди Соза жеңіске жеткені мәлім болды. Бұл ақпаратты ел үкіметі жария етті.