Португалиядағы парламент сайлауында елдегі жетекші коалиция жеңіске жетті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Португалиядағы парламент сайлауында Премьер-министр Педру Пасуш Коэлью жетекшілік ететін елдегі билік етуші «Алға, Португалия» коалициясы жеңіске жетті.

Бюллетендердің 99 пайызын игеру нәтижесінде билеуші блокқа 37 пайыз сайлаушы дауыс бергені анықталды. Оппозициялық Португалияның Социалистік партиясы коалициадан 5 пайыз кем дауыс жинады. Парламент сайлауына 13 партия және 3 партиялық блок қатысты. Елде дауыс беруге 9,7 млн адам құқылы, оның 240 мыңы өзге елдерде тұрып жатыр.