Португалиялық футболшы төрешіні нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиялық клубтың шабуылдаушысы Канелас Марко Гонсалвеш өңірлік лига матчында судьяны тізесімен беттен соққаны үшін өмір бойына жарыстан шеттетілетін болды, деп хабарлады Goal.com.

"Канелаша 2010" футболшысы Марко Гонсалвеш өрескел ойыны үшін қызыл карточка алды. Гонсалвешке бұл ұнамай, судьямен істің бетін ашпақшы болады. «Канелашаның»  тағы екі ойыншысы араласқан жанжал өрши түсіп, Марко судьяны тізесімен басынан соғып жібереді.

 «Қарсылас команданың ойыншысы мені балағаттады, оны ұрған жоқпын, жай ғана итеріп жібердім. Ол болса құлап қалды, сосын төреші жүгіріп келді. Оны тіземмен бетінен соққанымды білмеймін. Егер шынымен солай болса, бұл қылығым үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен кінәлі емеспін. Қарсыласым мені балағаттады, оқиғаға сол кінәлі», - деп ақталды Гонсалвеш.