Португалиялық министр жалған дипломы үшін жұмыстан босатылды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Португалияның парламентпен байланыс бойынша министрі Мигель Релваш отставкаға кетуі жөнінде өтініш берді.

«Португалия премьері кабинетіндегі негізгі министрлердің бірі комиссияның қорытындысы бойынша оның университеттік дипломының заңды емес екені анықталғаннан соң өзінің лауазымын босатуға мәжбүр болды»,-деп жазады РБК.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, алты жыл бұрын М. Релваш лиссабондық университетте 1 жыл оқып, саясаттану бойынша ғылыми дәреже алған көрінеді. Ол диплом алу үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбағанын алға тартуда.

Жергілікті БАҚ-тардың жазуынша, саясаткердің осы жолы қызметтен кетуі жақында барша кабинеттің оставкасы болатынын меңзейді. Елде тұрақсыз саяси ахуал байқалуда. Халықтың үкіметке деген сенімінің деңгейі айтарлықтай жоғары емес.