Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Айта кетейік, БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау бейсенбі, 6 қазан күні сағат 10.00-де (Астана уақытымен 20.00) өтеді.
БҰҰ құрылған 70 жылдың ішінде ұйымды сегіз Бас хатшы басқарды. Жаңа сайланатын Бас хатшы өз міндетіне 2017 жылдың қаңтарында кіріседі. Оның өкілеттік мерзімі - бес жыл. Бұл мерзім БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсынысымен тағы бір бесжылдыққа ұзартылуы мүмкін.