7 сәуірдегі жазбада (португал тілінде - автор ескерт.) министр екі журналистің өзіне айтқандары қорлады деп санап оларды «сабасына түсіретін шапалақ» беруге уәде еткен.
Министрдің шамына тиген жазбаның бірі Público газетіне мақала болып шықты, онда автор Соарешты өз құзыретіне сай емес, әрі дөрекілік танытты деп айыптады.
Тұрғындар оның айтқан сөздерін шамадан тыс деп қабылдап, оған наразылар көбейді.
Соареш өзіне айыптауларға қарсы жауап беруге құқығы бар екендігін мәлімдеген болатын. Алайда елдің премьер-министрі Антониу Кошты көпшілік алдында оның жазбасына қатысты сын айтқан соң отставкаға кету туралы шешім қабылдады.