Пошта мен логистиканы жеткізу бойынша әлемдегі ірі компания кибершабуылға тап болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пошта мен логистиканы жеткізу бойынша американдық Атланта қаласының (Джорджия штаты) әлемдегі ірі UPS компаниясы киберқылмыскерлердің шабуылына тап болды.

Фирманың ресми өкілдері хабарлағандай, болжам бойынша 100 мың транзакция туралы деректерге қол жеткізілген.

Киберқылмыскерлер ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 11 тамызға дейін компанияның қызметін пайдаланған клиенттерінің банк карталары және электрондық мекен-жайлары туралы ақпаратты алуы мүмкін.

Бұл мәліметтердің болуы олардың азаматтардың банк шоттарына заңсыз қол жеткізуін жеңілдетеді. Хакерлер пайдаланған зиянды бағдарламалар UPS компаниясының 51 бөліміндегі компьютерлерден табылды. Ол 24 американдық штатта орналасқан.

Компания бұл вирусты қазір пайдаланып жүрген антивирустар емдей алмайтынын хабарлады.

Қазір бұл мәселе шешілді. UPS мамандары ақпаратты сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолға алды. Компанияға алаяқтық немесе өзге де заңбұзушылық әрекеттер орын алғаны туралы ақпарат түскен жоқ.