Қазір ол ауруханада жатыр.
«Қайғылы оқиға Атырау облысының Сағыз станциясында болған. 19 жастағы бойжеткен вагонға мініп жатқан кезде, аяғы тайып рельске құлайды. Қозғалып жатқан құрам оның аяғын басып кетеді. Ампутация облыстық ауруханада жасалды», -деп хабарлады Атырау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Бекен Құлниязов.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.