Пойыз бен автобус соқтығысты: 3 адам қаза тапты, 15-і жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленинград облысында тепловоз бен автобустың соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, 15-і жарақаттанды.

ТАСС-тың Выборгский ауданы әкімшілігіндегі дереккөзінің айтуынша, көлік бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған.

Ажал құшқандардың ішінде екеуі - автобус жолаушысы, сондай-ақ пойызда болған бір адам қаза тапты. Келеңсіз оқиға мәскеу уақытымен сағат 12:00-де Глебычево кентіндегі Прибылово стансасының маңында орын алды.